Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік БАҚ – Қазақстанда латын әліпбиіне көшу мерзімін ұзартуы мүмкін

Ресейлік БАҚ – Қазақстанда латын әліпбиіне көшу мерзімін ұзартуы мүмкін

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу мерзімі 2030-2035 жылдарға дейін созылуы мүмкін.

Алайда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешовтің айтуынша, қазақ тілін латын графикасына көшіру жұмыстары 2030-2035 жылдарға дейін созылатындығы туралы «Известия» газетіне шыққан мақала шындыққа сәйкес келмейді.
«Тұңғыш Президент-Елбасының Қазақ әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіру жөніндегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» ( ҚР Премьер-Министрінің 13.03.2018 ж. №27-ө.) бекітілді. Іс-шаралар жоспарын орындау 3 кезеңге бөлінген және атқарылатын шаралар кезең-кезеңімен нақты көрсетілген. Осы ретте Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жоспарланған мерзімге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Бірінші, 2018-2020 жылдары нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу, жаңа әліпбиде емле ережесін және латын әліпбиіне мәтіндік қайта көшіруге арналған IT қосымшасын әзірлеу;  Екінші, 2021-2023 жылдары мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, паспорттар, куәліктер және басқа да құжаттарды латын қарпіне ауыстыру; Үшінші, 2024-2025 жылдары орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік БАҚ, сондай-ақ білім беру ұйымдарының іс қағаздарын латын қарпіне көшіру», – дейді Ғалымжан Мелдешов.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы латын негізді қазақ әліпбиін жаңғырту жұмыстарын жетілдіруге бағытталған Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасы әзірленуде екен. Осы ретте Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жоспарланған мерзімге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.
https://stan.kz
16 шілде 2019 ж. 1 462 0