Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “BIR TOLQYNDA” ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

“BIR TOLQYNDA” ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

Бүгін аудандық руханият орталығында “AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен “BIR TOLQYNDA” атты диалог алаңы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында еріктілік қызметті кеңінен насихаттап, жастар саясатын дамыту бағытында пікір алмасу болды. Диалог алаңына  арнаулы оқу орындарының студенттері, белсенді жастар мен еріктілер қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар еріктілік қозғалысының маңыздылығы, жастар бастамаларын қолдау, қоғамдық белсенділікті арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жастар саясатын жүзеге асыруда партияның рөлі мен қолдау тетіктері жөнінде пікірлер ортаға салынды.

Шара соңында қатысушылар еріктілік бастамаларды бірігіп жүзеге асыруға ниет білдіріп, алдағы уақытта осындай ашық пікір алаңдарының жиі ұйымдастырылуының маңыздылығын атап өтті.
#АМАНАТ
07 қараша 2025 ж. 403 0