“BIR TOLQYNDA” БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ПІКІР АЛМАСТЫ

Жиынның негізгі мақсаты – жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын түсіндіру, волонтерлік қызметті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсету болды.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жастарға қатысты айтылған маңызды тұстарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, цифрлық даму мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – қазіргі заман жастарының басты міндеттерінің бірі екендігі атап өтілді.
Өз кезегінде жас буын Жолдауда айтылған бастамаларды қолдай отырып, ел дамуына белсенді атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ орталық мамандары оқушыларға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы мағлұмат беріп, сұрақтарына жауап берді.
Алдағы уақытта мектеп пен жастар орталығы бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.