Жастар кездесу өткізді

– Қазіргі таңда жастар мемлекетіміздің дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Жастардың күшімен көптеген ауқымды шаралай өткізілуде. Сол себепті жастарға артылар сенім де, олардан күтер үміт те көп. Бүгінгі мектеп оушысы ертеңгі студент. Ал қазіргі жас болашақ маман. Сондықтан мектеп қабырғасындағы оқушыларды қоғам өміріне бей-жай қарамай өз үлестерін қосуға үйрету біздің басты мақсатымыз, - дейді Н. Алдамұратов.
Кездесуде оқушылар ауданның белсенді жастарына сұрақтарын жолдап, шығармашылық, тұлғалық тұрғыдан өздерін дамытудың тетіктерін, түйіткілді мәселелерін айтты. Өз кезегінде кездесуге келген ауданның белсенді жастары да оқушылар сауалына толыққанды жауап берді. Алдағы уақытта мұндай шаралар жастар мен оқушылар арасында тұрақты түрде үйымдастырылатын болады.
"Толқын" ақпарат