Жастар Жолдауды қолдайды

Ел Президенті атап өткендей, цифрлық даму мен жасанды интеллектті (ЖИ) тиімді пайдалану – жаңа дәуірдің басты талабы. Бұл бағытта жастардың рөлі ерекше. Себебі, жаңа технологияларды меңгеріп, оны отандық ғылым мен өндірісте қолдану – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Жастар қауымы Жолдауда айтылған міндеттердің барлығын қолдай отырып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізуде. «Жаңа Қазақстанды құру жолында білім, еңбек және цифрлық технология – біздің басты қаруымыз» деген жастар, болашаққа сеніммен қадам басып келеді.
Әнуар Тоқтамысұлы,
"Жастар ресурстық орталығының" маманы