Жастарды қолдаудың жаңаша бағыты

Яғни, жақында Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы жаңа заң жобасы қабылданды. Жаңа заң жобасының негізінде жастар саясатына байланысты төмендегідей ұғымдар енгізіліп, толықтырулар қабылданды. Алдымен жоғарыда айтып өткеніміздей, 35 жасқа дейінгі азаматтарды жастар санатына жатқызу, «Жастарды дамыту индексі», «жастардың әлеуметтік қызметтері», «уақытша орналастырмаған жастар», «жастармен жұмыс жөніндегі маман», «жастардың еңбек жасақтары» секілді ұғымдарды заңнамалық түрде бекіту. Сонымен қатар жастар ресурстық орталықтарының қызметтерін кеңейту, көңіл бөлу және жастар саясатының негізгі бағыттарына жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруды және де жастар арасында волонтерлікті дамытуды енгізу сынды өзгерістер заң шеңберінде қолданысқа енді.
Жоғарыда көрсетілген бірнеше бағыттардағы толықтырулар алдағы уақытта талапқа сәйкес қолға алынады. Жас буын өкілдерінің шектеу жасын ұлғайту оларға көптеген көмек беруде. Айта кететін болсақ, 35 жасқа дейінгі әрбір азамат «мемлекеттік тұрғын үй» бағдарламасына қатыса алады. Сонымен қатар бала күтіміне байланысты жәрдемақыны 1,5 жасқа дейінгі төлеу, әйелдер қауымының зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін 61 жаста қалдыру секілді нормаларда осы заң жүйесінде қарастырылған. Жалпы заң жобасы жастардың әлеуметтік жағдайын көтеруге, олардың арасында жұмыссыздық мәселесін азайтуға негізделген.
Иә, еліміздің жарқын болашағы мақсаты айқын, санасы сергек, білім мен дамуды бәрінен жоғары қоятын жастардың қолында екені бәрімізге мәлім. Қазіргі күні бізге беріліп отырған мемлекеттік қолдаулардың арқасында талаптың тұлпарына мінген жастарға көптеген мүмкіндіктер берілуде. Осы тиімді мүмкіндіктерді пайдалана алсақ, еліміздің дамуына зор үлес болмақ. Ендігі мақсат ел сеніміне лайық еңбек етіп, жарқын болашақты қалыптастыру сіз бен біздің қолымызда, жас дос!
Г.ӘЛНИЯЗИНА
Г.ӘЛНИЯЗИНА