Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарды қолдау жаңаша бағыт алмақ

Жастарды қолдау жаңаша бағыт алмақ

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жастарды қолдау мәселесін басты назарға алып, осы бағытта біршама шараны жүзеге асырған болатын. Соңғы жылдары да мемлекетімізде жастарға көптеп көңіл бөлу, оларды жан-жақты қолдау істері де ерекше қарқын алды. Өткен «Жастар жылы» аясында да бүкіл ел бойынша 300-ден астам республикалық іс-шаралар жүзеге асырылған болатын. Сондай-ақ бұл шаралармен 2 миллионнан астам жас қамтылды.

Иә, «Жастар жылы» жастар саясаты төңірегінде жүйелі шараларды әзірлеп, қарқынды жұмыс атқаруға серпін берді. Сонымен бірге жастарды жұмыспен, үймен қамтамасыз ету жұмыстарымен бірге, жас отбасыларға қолдау көрсету, сапалы білім мәселесі де күн тәртібінен түскен емес.
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында да жастарды қолдау мәселесіне тоқталып өтті. «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.

Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді»-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет те, қоғам да белсенді жастарға көптеген мүмкіндіктер беріп жатқаны анық. Сондай-ақ сүйікті ісін кәсіпке айналдырамын деген жандарға да мемлекет біршама мүмкіндіктер қарастырған.
Бүгінде ауданымызда өз кәсібін бастап, оны әрі қарай дамытып отырған жастар жетерлік. Жаңаша бағытта қарқынды жұмыстар атқарып жатқан жастарға ел алғысы шексіз.

Алдағы уақытта да мемлекет тарапынан жастарға қолдау көрсетіліп, еліміздің әлі де дамитынына сеніміміз мол.

Әсет Жалдыбайұлы,
жастар өкілі

02 қыркүйек 2022 ж. 798 0