Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау жастарды жігерлендіреді

Жолдау жастарды жігерлендіреді

1-қыркүйек білім күнімен қатар келген ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы баршамызға жаңа серпінмен жаңалық алып келді. Аудан жастары тапжылмастан жолдауды тыңдап өз арамызда пікір алмастық.
Мемлекет басшысы сөзінде «Жастарымыз өзге тілдерді, соның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, бұдан еш ұтылмайды. Еліміз өркениетті диолог пен өзара сыйластық мәдениетін дәріптеуі керек» – деп барша жастарды жан-жақты дамуға, тіл үйреніп түрлі ұлттардың мәдениетін игеруге шақырды.
Сонымен қатар ел басшысы «Біздің білім беру жүйеміз инклюзивті болуға тиіс. Сонымен бірге жағымды жаңалығымызда бар. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз» – деп ізденісте жүретін, сауатты әрі дарынды оқушылардың мәртебесін көтеріп, олардың қашанда мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие екенін баса айтты.
Әрине, ел халқының әлеуетін көтеруге арналған жолдауда, тың жоба, жастарға деген қолдау, жаңашылдық және үлкен мотивация бар. Билік пен халық арасындағы тың өзгерістерге бастама болған жолдаудан күтеріміз көп және орындалуына барша жастар атсалысамыз деген ойдамын. Бағытымыз бен жүрер жолымыз айқын. Енді жастарға белсенділік танытып жақсы жұмыс нәтижесін көрсету басты міндет.
Шынболат ЕРТІЛЕУЛЫ,
Арал аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері
02 қыркүйек 2021 ж. 638 0