ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЕЛ БОЛАШАҒЫН ЖАРҚЫН ЕТЕДІ

Менің де бұл күні бала кезден бері келе жатқан асқақ арманым орындалды. Елбасымен бірге бір аудиторияда отырып, оның айқын бейнесін көрдім. Ғибратты әңгімесін тыңдадым. Бұл – менің өмірімдегі ең бақытты сәттердің бірі. Елбасының «Табысты болу талантта ғана емес, 90 пайыз еңбекте жатыр» – деген сөзі маған үлкен мотиватция сыйлады.
Сондай-ақ, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қайтарымсыз гранттар санын арттыру керектігін де басты назарға алды. Бұл – біз сияқты жас кәсіпкерлер үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Мен де алдағы уақытта Елбасы артқан сенім үдерісінен шығу мақсатында өз кәсібімді одан әрі жандандырып, мал шаруашылығын одан әрі дамытуды қолға алғым келеді.
Биылғы «Жастар жылы» жастардың өз мақсаттарын жүзеге асыруға мол мүмкіндік бермек. Жастық жігерін жақсы нәрсеге жұмсап, ерінбей еңбек еткен жанның болашағы да жарқын болары ақиқат.
Елнұр ЕЛШЕКЕНОВ,
жас кәсіпкер.