Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарына арналған фотокөрме ашылады

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарына арналған фотокөрме ашылады

Наурыздың 17 мен 21 аралығында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме жұмыс жасайды. Іс-шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты үндеуі негізінде ұйымдастырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр. Көрмеде аталған бәйгенің жеңімпаздарының суреттері мен олардың атқарған жұмысы мен өмірбаяны туралы қысқаша мағлұмат беріледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фотокөрме өткен жылы 1 желтоқсан күні «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының басын біріктірген форумда, Елбасының жеңімпаздармен кездесуі барысында көрсетілген болатын.
Жоба мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан бірақ халыққа танылмаған жаңа есімдерді елге таныстыру және жетістікке жеткен өмірбаяндарын паш ету.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша халыққа кеңінен танылмаған бірақ белгілі бір салада елеулі жетістіктерге жетіп, мемлекетімізідің дамуына ауқымды үлес қосқан азаматтарды тауып, олардың үлгі боларлық жұмысын дәріптеу мақсатында жүзеге асырылған. Бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі мамандық иелері қатысып, ең мықты деген 100 адам ашық онлайн дауыс беру арқылы іріктеліп алынған болатын.
18 наурызда сағат 14:00-де «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары өздерінің жобалары және келешек жоспарларымен бөліседі.
16 наурыз 2018 ж. 1 404 0