Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіруге және жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар «жастар» ұғымының жас шеңберін 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзетулер енгізді, бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, оптимизмді, ертеңгі күнге деген сенімділік сезімін нығайтуға мүмкіндік береді. «Жастардың әлеуметтік қызметтері» және «уақытша тұрақсыз жастар» ұғымдары нақтыланады», деді депутат Жәмилә Нұрманбетова Мәжіліс отырысында.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының аясында депутаттар заңның әлеуметтік блогына түзетулер енгізді.

Атап айтқанда, әңгіме әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын 61 жас деңгейінде бекіту, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еседен 55 есеге дейін ұлғайту, еңбек ету қабілетінен айырылған, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемнен шегерім мөлшерін 55 еседен азайту туралы болып отыр. Сондай-ақ ЕТЖ өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер мөлшерін азайтуды болдырмау мақсатында ең төменгі жалақы мөлшерінің 50%-на дейін, сондай-ақ жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді есептеу үшін алмастыру коэффициентін түзету мәселелері зерделенді.

«Заң жобасы шеңберінде қаралатын мәселелер аясының кеңеюін ескере отырып, депутаттар заң жобасының тақырыбын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгерту жөнінде ұсыныс енгізді», деп толықтырды Жәмилә Нұрманбетова.

Осылайша, Мәжіліс екінші оқылымда заң жобасын мақұлдады. Тиісті қаулы қабылданды.
26 қазан 2022 ж. 327 0