Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАЛҚАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

ЖАЛҚАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

Табысқа жетуге, арманды орындауға бөгет болатын қасиет – жалқаулық. Одан арылу мүмкін бе? Төменде біз сіздерге жалқаулықтан құтылудың бірнеше әдісін ұсынамыз. 
1. Демалып, ұйқы қандырыңыз. Табысты жұмыс істеу үшін жақсылап демалу керек. 

2. Жоспар құрыңыз. Бұл сіздің атқаратын істеріңізді жүйеге келтіріп, уақытыңызды үнемдеуге көмекші болады. Тайм-менеджментті де танып-білу артық етпейді. Әрбір аяқталған пункт сізді ары қарай тезірек жұмыс істеуге ынталандырады. 

3. Өз күш-қабілетіңізді есептей біліңіз. Бірнеше істі бірдей алып жүру қабілеті – уақыт пен тәжірибені талап етеді. Сондықтан, алдымен, бір істі толық аяқтауға дағдыланыңыз. Мойыныңызға бірнеше істі іліп алмаңыз. 

4. Мерзімін белгілеңіз. Әрбір жасалатын істің мерзімін нақты белгілеген жөн. Бұл әдістің арқасында сіз істі соңына дейін қалдырмай, мезгілінде аяқтап отыруға үйренесіз. 

5. Жасаған істі аяқтағаннан кейінгі нәтиже, пайда туралы ойланыңыз. Психологтардың айтуынша, әрбір істі бастамас бұрын оның жақсы нәтижесін болжай білу керек, ал қиындықтар жайлы ойланудың мүлде қажеті жоқ. 

6. Еңбегіңізді бағалай біліңіз. Жұмысты аяқтаған бойда жеке қызығушылықтарыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн. Құрбы-құрдастарыңызбен кездесіп, киноға не кафеге барып, демалып қайтыңыз. Бас көтермей жұмыс істеу – денсаулығыңызға зиян. 

7. Жетістіктерді белгілеу. Бір күнде тындырған істерді жазып отырыңыз. Бір аптада жасалған жұмыс пен нәтижені қорытындылаңыз. Бір айлық еңбектің қорытындысын белгілеп отырыңыз. 

8. Өзгелердің де жетістіктерін бағалаңыз. Басқалардың табысына қарап, шабыттаныңыз. Олардан асуға ұмтылыңыз. 

9. Белсенді болыңыз. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданыңыз. Бұл арқылы бойыңыздағы күш-қуат еселеніп, өмір сүруге құштарлығыңыз аса түседі. 

10. Өзіңізге уәде беріңіз. "Үйді жинау керек еді" емес, "бір сағаттан соң үйді жинауға өзіме уәде беремін" деп айтыңыз. Уәдені орындауға тырысыңыз, бұл арқылы сіз өзіңізді құрметтеуді үйренесіз. Сіз өзіңізді құрметтеу арқылы өзгелерге де сыйлы бола аласыз. 

11. Біртіндеп қадам жасаңыз. Белгіленген мақсаттарыңызға жету жолында асықпай жүріп анық бассаңыз бәрі де өз ретімен орындалады. 

12. Сізді ынталандыратын біреуді табыңыз. Мысалы, жақын құрбы, әріптесіңізді тағайындап, оған істелген жұмыс есебін айтып отырыңыз.

Дереккөз: Reactor
http://reactor.inform.kz
06 мамыр 2019 ж. 1 183 0