Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалқаулықты жеңудің 10 әдісі

Жалқаулықты жеңудің 10 әдісі

Адамның қас жауларының бірі – жалқаулық. Оны жеңу де оңай емес. Бірақ оны жеңбесе адамның өмірде жетістікке жетуі екіталай. Сол себепті де біз сіздерге жалқаулықты жеңудің 10 тәсілін айтпақпыз.
1. мақсатыңызды жазып, соларға қарай ұмтылыңыз
Бұны міндетті түрде жасау қажет. Олар айқын әрі түсінікті болуы керек. Мерзімін де көрсетіңіз. Бастан гөрі, қағазда бәрі түсінікті көрінеді. Іште сенім пайда болады.
 
2. Жоспарлаңыз
Мақсатты жоспарсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Ал неге қол жеткізгіңіз келетінін білгенде оны жасау оңай болады. Нақты қадамдарыңызды айқындап, соған қарай нық сеніммен жүріңіз.
 
3. Белгілі адамдардың биографиясымен танысыңыз
Біз өз тәжірибемізден сабақ аламыз. Бірақ өзге адамдардың тәжірибесі пайдалы болады. Сол себепті де өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткізген адамдардың ғұмырбаянын оқыңыз.
 
4. Қызғаныңыз
Өзіңізден озық жүретін таныстарыңыздың, танымал адамдардың жетістігін қызғаныңыз. Жақсы мағынасында. Қызығушылық та адамды алдыға ұмтылдыратын мотивация.
 
5. Дәйексөздер оқыңыз
Адамды алға жетелейтін, күш беретін дәйексөздер аз емес. Соларды көбірек оқыңыз. Өзіңізге ұнайтын дәйексөздерді жұмыс үстеліңізге қойып қойыңыз.
 
6. Ойлау жүйеңізді өзгертіңіз
Жетістік адамның басында туады. Оптимизм мен өз күшіңізге деген сенім кез келген мақсатыңызға жетуге мүмкіндік береді. Әр істі қолға алған сайын оның нәтижесінің жақсы болатынына сеніңіз.
 
7. Үйреніңіз
Өз күшіңізге деген сенім біліміңіз бен дағдыңызға иек артуы тиіс. Біліктілігіңіз жетпей ме? Курстарға семинарларға, шеберлік сағаттарына жазылыңыз.
 
8. Әріптестеріңізбен дос болыңыз
Жұмыстағы жақсы аура бізді жұмыс істеуге итермелейді. Бір-бірімен тіл табыса алатын адамдардың командасы көп дүниеге қол жеткізе алады.
 
9. Ойыңызды бөлетін дүниеден аулақ болыңыз
Орындалмаған міндетпен бетпе бет қалыңыз. Жұмыстан көңіліңізді бөлетін дүниелерді ысырып қойыңыз.
 
10. Жасаған жұмысыңыз үшін өзіңізді марапаттаңыз
Жақсы іс тындырдыңыз ба? Демалыңыз. Сүйікті ойыныңызды ойнаңыз, музыка тыңдаңыз, жаңалық оқыңыз. Киноға немесе дүкен аралауға барыңыз.
reactor.inform.kz
04 сәуір 2018 ж. 1 474 0