Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108-1-бабының 1-бөлігімен айыпталған Б-ның қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды.Сотта анықталғандай, сотталушы Б. жәбірленуші Н-ның бетінен және ерін тұсынан екі мәрте ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.Сотта жәбірленуші Н. сотталушымен медиациялық тәртіппен өзара татуласқанын, оған қояр талап тілегі жоқ екенін, оған кешірім беретінін көрсетіп, сотталушыға қатысты істі тоқтатып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
Осының негізінде, сотталушы Б. Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылған.
Арал аудандық соты
Фото: Н. Нұржаубай









