Ауданда кезекті рейдтік шаралар ұйымдастырылды
Қаланың түнгі тыныштығын қамтамасыз ету, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 22.00 бастап рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейд жұмыстарға аудан әкімі аппаратының, аудандық Прокоратура және Полиция бөлімінің, кәсіпкерлік бөлімінің және білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері жұмылдырылды.
Рейд барысында түрлі кәсіпкерлік нысанның (кафе, компьютер клубы, дүкен) иелері мен сатушыларына қолданыстағы заң талаптары түсіндірілді.
Атап айтқанда, кәсіп иелеріне санитарлық тазалықты сақтау, кәмелетке толмағандарға арналған шектеулер мен алкогольдік өнімдерді сатудың заңдылығы жеткізілді.
Аталған рейдтік жұмыстар күнделікті ұйымдастырылуда.












