Сот актілерінің орындалуы мәселелері талқыланды
Арал аудандық сотында сот төрағасы Р.Алдамбергеновтың төрағалық етуімен «Сот актілерінің орындалуы мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.Шараға аудандық соттың судьялары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.
Сот төрағасы шараны ашып, сот билігінің беделі сот актілерін шығару кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының қаншалықты қорғалуына, сондай-ақ осы сот актілерінің толық әрі уақытылы орындалуына байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін уақытылы орындау мәселелеріне тоқталып, орындалмаған сот актілері соттың тұрақты бақылауында екенін айтты.
Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру кезінде және іс материалдарын рәсімдеуде жиі жіберілетін кемшіліктерге назар аудартты.
Бұдан кейін шараға қатысушылар атқарушылық іс-әрекеттердің жекелеген түрлерін реттейтін заңнаманы қолдану тәртібін, түрлі санаттағы атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.
Арал аудандық соты.










