Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот актілерінің орындалуы мәселелері талқыланды

Сот актілерінің орындалуы мәселелері талқыланды

Арал аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергеновтың төрағалық етуімен  «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға аудандық соттың судьясы А.Асанхан, сот әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетова, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.
Сот төрағасы Р.Алдамбергенов шараны ашып, сот билігінің беделі сот актілерін шығаруы кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының қаншалықты қорғалғанына, сонымен қатар осы сот актілерінің қаншалықты толық және уақытылы орындалғанына байланысты екенін айтып, қылмыстық, азаматтық және  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін уақытылы орындау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ,  орындалмаған сот актілерінің істері соттың үнемі бақылауында екенін тілге тиек етіп,  оларды тізім бойынша атап өтті.
Бұдан соң шараға қатысушылар атқарушылық іс-әрекеттердің жекелеген түрлерін реттейтін заңнаманы қолданудың тәртібін, түрлі санаттағы атқарушылық іс жүргізу бойынша пайда болатын мәселелерді және оларды шешу мүмкіндіктерін, өзара ынтымақтастық жолдарын талқылады.
Шараны қорытындылай келе, сот төрағасы дөңгелек үстелге қатысушыларға сот актілерін уақытылы орындау мәселелері бойынша жұмыстарға бақылауды күшейтуді ұсынды.
Арал аудандық соты

12 мамыр 2025 ж. 65 0