Дөңгелек үстел өткізілді

Шараны Г.Нұрымбетова ашып, атқарушылық жазба дауларды соттан тыс реттеудің тәсілі болып табылатынын айтып, атқарушылық жазбаны жасау шарттары мен жазба бойынша өндіріп алу тәртібі жайына тоқталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңымен атқарушылық жазба арқылы шешілуге жататын даулардың санаттары ұлғайғанын, сондықтан дауды соттан тыс реттеудің тәртібін сақтамау талап қоюшының арызын қайтаруға негіз болатынын түсіндірді
Шара соңында қатысушылар заңның практикада қолданылуына қатысты сындарлы пікір алмасып, құқықты қолдануда туындауы мүмкін деген мәселелерді талқылады.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі