Семинар-кеңес өткізілді

Шараға аудандық соттың судьясы Б.Керуенбаев, аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы Р.Алдамбергенов шараны ашып, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәжірибесі сотталғандардың мінез-құлқына әсер етудің тиімді шараларының бірі болып табылатынын, сондықтан сотталғандардың өтініші бойынша сотқа ұсынылатын материалдардың тиісті сапасы мен толықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамаларының талаптарына тоқталды.

Бұдан соң шараға қатысушылар аталған санаттағы материалдарды қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерге қатысты сындарлы пікір алмасып, құқықты қолдануда туындауы мүмкін деген өзге де мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.
Арал аудандық соты