Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Керуен" сауда үйінде кәсіпкерлер қауымымен кездесу өтті

"Керуен" сауда үйінде кәсіпкерлер қауымымен кездесу өтті

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының мүшелері Сексеуіл кентіндегі «Керуен» сауда үйіне кіріп, кәсіпкерлер қауымымен экспромт кездесу өткізді.
Кездесуде жаңа Конституция жобасы таныстырылып, кәсіпкерлік ортаға қандай мүмкіндіктер беретінін, қоғам дамуына қалай ықпал ететіні турасында ақпарат берілді.
Коалиция өкілдері жаңа Конституцияның елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын, сонымен бірге экономикалық даму мен әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға мүмкіндік беріп, кәсіпкерлер үшін бұл – өз бизнестерін дамытуға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыруға қолдау болып табылатындығын айтты.
Кәсіпкерлер де өз пікірлерін білдіріп, бизнестің тұрақты дамуы мен адал бәсекелестіктің қалыптасуына ықпал ететін кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне қатысты нормаларды дұрыс қабылдайтындықтарын жеткізді.
#АМАНАТ
24 ақпан 2026 ж. 258 0