Тұрғындарға жаңа Конституцияның негізгі бағыттары таныстырылды
Сексеуіл кентіндегі “Қарақат” сауда үйінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының экспромт кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, оның қоғам өміріне және әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарына тигізетін маңызы түсіндірілді.Коалиция жетекшісінің орынбасары Талғат Қанатов және коалиция мүшелері Ранай Наштаева, Еркебұлан Аяғанов, Бақтияр Ізбасаров тұрғындарға Конституцияның әр азаматқа беретін құқықтық кепілдіктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды нормаларын айтып берді.
Тұрғындар өз ой-пікірлерін ортаға салып, жаңа Конституцияның қоғам үшін маңыздылығын қолдады. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, әр қатысушы өз сұрақтарына нақты жауап алды.
#АМАНАТ












