Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Бүгін арқа төрінен ақжолтай хабар жетті.

Астана қаласында өткен грек-рим күресінен U20 жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында облысымыздың мақтанышы Алпамыс Болатұлы 60 кг салмақ дәрежесінде топ жарып, чемпион атанды.

Спорттағы жетістіктерін еселеп келе жатқан мақтанышымыз Алпамыс 2024 жылы U17 жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2022 жылғы U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, ҚР VI Жастар спорт ойындарының жеңімпазы және ҚРЧ-ның U15 – U17 жасөспірімдер және U20 жастар арасындағы 5 дүркін жеңімпазы атанған. Бұл Алпамыстың алтыншы жеңісі.
Айта кетейік, осы чемпинлатта №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінен үш бірдей чемпион шығып отыр. Бұл өте сирек қайталанатын жітістік деуге болады.

Қазақстан Республикасының спорт шебері атанған Алпамыстың табысты жолында білікті жаттықтырушыларының еңбегі зор. Олар:
Төлебаев Бахтияр, Қожекенов Талғат, Таңатаров Ардақ (№19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі), Кегенбаев Дәурен, Кулсагуров Оралхан (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі).
Жарыстан жарысқа жетістігін еселеп жүрген аудан мақтанышын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аудан мерейін асқақтатар жеңістер көбейе берсін! 
25 ақпан 2026 ж. 50 0