ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНҒАН БАЛУАН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
![](/uploads/posts/2024-08/medium/1724513001_fb_img_1724512812706.jpg)
Байрақты басекеде топ жарған жерлесіміз Алпамыс Болатұлы бүгін елге оралды. Спортшыны асыға күткен аралдықтар ерекше сән-салтанатымен қарсы алды. Орталық алаңда жас өренді арнайы күтіп алған аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов боз кілемнің шаңын қағып, әлем чемпионатының жүлдегері атанған жас балуанға ізгі лебізін білдірді.
Чемпионды қарсы алуға жиналған көпшілік, ауданның белсенді жастары мен спортшылар жүлдегер атанған, аудан мерейін өсірген спортшымызға айрықша құрмет көрсетті.
Айта кетейік, Алпамыс Сыр елінің спорт тарихында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Әлем чемпионатында жүлдегер атанған алғашқы спортшы. Сонымен қатар, жас та болса грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының және 3 дүркін ҚР чемпионатының жеңімпазы атанып үлгерді.