Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлесіміз Қазақстан чемпионы

Жерлесіміз Қазақстан чемпионы

Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U20 жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында облысымыздың намысын қорғаған спортшымыз Әмірмұхаммед Кабулов 55 кг салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.

Әмірмұхаммед — жеңіс жолын ерте бастаған талантты балуан. Ол 2022 жылғы 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, 2022 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарының жеңімпазы.

Спортшымыздың жаттықтырушылары:
Төлебаев Бахтияр, Қожекенов Талғат, Таңатаров Ардақ (№19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі),
Кегенбаев Дәурен, Кулсагуров Оралхан (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат - колледжі).
Жас чемпионды және оның бапкерлерін жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғай беруіне тілектеспіз!
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 ақпан 2026 ж. 53 0