Арал ауданы спортшылары жаңа Конституцияға қолдау көрсетті
Бүгін Арал ауданы аумақтық коалициясы спортшылар мен спорт саласының мамандарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады. Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, билік тармақтарының теңдігін, сондай-ақ қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа заң жобасының қағидаттарын түсіндіру болды.
Кездесуге коалиция жетекшісінің орынбасары Талғат Қанатов және коалиция мүшелері Алдаберген Жоланов, Айтуған Сауяев, Абай Елешов, Берік Сұлтаниязов қатысты.
Кездесу барысында спикерлер жаңа Ата Заң жобасының ерекшеліктеріне тоқталды: құжат адамға бағдарланған сипатқа ие болып, ұлттық болмысқа, тарихи жолға және қоғам құндылықтарына басымдық береді. Құжаттың құрылымы жаңарып, Преамбула, 11 бөлім және 96 баптан тұрады. Бірқатар бөлім атаулары жаңартылып, жаңа бөлімдер енгізілген.
Сонымен қатар спикерлер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы, демократиялық институттарды нығайту, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын орнықтыру мәселелерін талқылады.
#АралАуданы
#ХалықтықКонституция
#жаңаКонституция
#референдум2026
#ӘділеттіҚазақстан










