«Абай Дәулет» шаруа қожалығында әділетті қоғам мен жаңа реформалар жайында пікір алмасу өтті
Фото: «Абай Дәулет» шаруа қожалығыБесарық ауылындағы «Абай Дәулет» шаруа қожалығының ұжымымен «Жаңа Конституциялық реформа – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу барысында елімізде жүзеге асып жатқан конституциялық реформалардың маңызы, оның қоғам дамуына және азаматтардың құқықтарын қорғауға тигізетін оң әсері кеңінен талқыланды.
Ұжым мүшелері реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам құру, заң үстемдігін нығайту және халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейту екенін атап өтті. Сонымен қатар, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси бастамаларға белсенді қатысуы маңызды екені айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, реформалардың қоғам дамуы үшін маңызы зор екенін жеткізді.








