Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда доллар бір тәулікте 3,5 теңгеге арзандады

Қазақстанда доллар бір тәулікте 3,5 теңгеге арзандады

2026 жылғы 3 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 498,09 теңге болып, 3,54 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,43 теңгеге дейін төмендеді (-0,06).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,14 теңгені көрсетті (-1,06).

Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 498,5 теңгеден сатып алынып, 500,26 теңгеден сатылып жатыр. Астанада сатып алу бағамы – 495 теңге, сату бағамы – 502 теңге.

Ал 3 наурыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр. Атап айтқақ, Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,2% өсіп, барреліне 79,44 долларға жетті. West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай да 1,6% қымбаттап, барреліне 72,40 доллар болды.

Айта кетейік, кеше өор нарығында доллар 5 теңгеге қымбаттаған еді.
Фото: ашық дереккөзден алынды
05 наурыз 2026 ж. 1 0