Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІБИ ШЕБЕРЛІККЕ ШЫҢДАҒАН КОЛЛЕДЖ

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІККЕ ШЫҢДАҒАН КОЛЛЕДЖ

Қала деген статусқа ие ауданымызда қос колледжі жұмыс жасайды. Соның бірі де бірегейі Арал көпсалалы колледж болатын. Журналист деген қауымның қақпайтын кеңсесі жоқ. Талай мәрте тақырыпқа арқау еткен ұжым жұмысымен танысып, ондағы толымды тірліктерді наихаттағанымыз бар.
Бұл жолғы шара бөлек. Яғни, жуырда Зейнолла Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты шымылдық түрді. Келешек иелерінің қабылет  -  қарымын таразылайтын дәстүрлі байқау бұл жолы да ерекше сипатта өрбіді .кәсіби шеберлігін паш еткен білімгерлер түрлі мамандық бойынша сынға түсіп, өздерінің «сен тұр мен атайын» деуге лайық екендерін аңғартты. Мамандықтарды тарқатар болсақ « кірпіш қалау», «автокөлік жөндеу»  сынды факультеттер дәріс алған жастар жауапкершілік жүгін жіте сезініп, мамандыққа деген құштарлықтарымен дараланды.
Өз кезегінде «World Skils – 2026» сайысы төңірегінде сөз сабақтаған колледж директоры Нұралы Қалиев осынау чемпионаттың шығу тарихына тоқталып, негізгі мақсатын ортаға салды. Сондай – ақ, ол мұндай колледжішілік сайыстар әлемнің сексен мемлекетінде екі жыл сайын ұйымдастырылатынын жеткізді. Мұнан соң аудандық Мансап орталығының директоры Жадырасын Алдашев сөз алып, Мемлекет басшысы түрлі мамандық иелеріне қолдау қажеттігін әр жылдардағы Жолдауында айрықша айтып, нақты тапсырмалар бергенінің нәтижесінде жастар алысқа бармай – ақ ата – аналары мен жанашырларының жанында кәсіби маман атанғандары қуантатынын тілге тиек етті.
Аталған білім ошағының суығына тоңып, ыстығына күйген ардагерлерде мән – мағынасы бөлек , нағыз шеберлерді анықтайтын сайысқа арнайы келіп, қызмет еткен кездерді естеріне алды. Чемпионаттың қортындысы мен үздіктер оза шауып, кіл мықтының арасынан дараланда. Студенттердің кәсіби дағдыларын шыңдап, жұмыс берушілер мен болашақ мамандар арасында алтын көпір орнатқан шара ға көрермен көпшілік оң бағасын берді.
А.ЖАЙШЫЛЫҚ
12 наурыз 2026 ж. 79 0