Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Колледж түлектеріне диплом табысталды

Колледж түлектеріне диплом табысталды

Білім алушыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау , қайта даярлау және біліктілікті көтеру жолында жұмыс жасап келе жатқан аудандағы іргелі оқу орындарының бірі - Арал индустриалды-техникалық колледжі.Бүгін аталған оқу орнында болашаққа бағыт алған жас мамандардың тағы бір легіне диплом табысталды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов қатысып, бітіруші түлектерді өмірлерінің жарқын белесімен және бүгінгі қуаныштарымен құттықтады. Сонымен бірге ұстаздар еңбегінің зор екендігіне тоқталып, жас мамандарға жоғары оқу орнына түсулеріне тілектестігін білдіріп, сәт сапар тіледі.
Одан соң сөз алған колледж директоры Нұралы Әбішев:- «Сіздер дәл осы күні қимас бір мекендеріңізге айналған, балдәурен шақтың қызығын өткере жүріп, бойға білім нәрін жинаған колледжден үлкен өмір белесіне қадам басқалы отырсыздар. Осы жолда қолдарыңыздағы диплом өмірлік азық болады деп сенемін»-деп ізгі лебізін білдірді.
Салтанатты шара барысында 8 кәсіби мамандық бойынша бітірген түлектер дипломдарын иеленді. Оқу орнын екі түлек - Рахметова Жансая және Шәкиев Жақсыбек үздік дипломмен тәмамдады. Жиында оқу жылында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, білім сайыстарында бақ сынаған студенттер мен ұстаздар Алғыс хаттарға ие болды. Өз кезегінде арнайы келген қонақтар сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі. Кеш соңы бітірушілердің концерттік бағдарламасына жалғасты.

"Толқын" ақпарат



26 маусым 2022 ж. 656 0