Диплом табысталды

Іргелі білім ордасы қоғамға қажетті мамандықтар дайындайды. Шара барысында электргазбен дәнекерлеуші, байланыс құрастырушы, кабельші, ағаш ұстасы мамандықтары бойынша бітірген түлектерге диплом табысталды.
–Біз үшін бүгінгі күн ерекше. Жүректе қимастық пен қуаныш сезімі қатар тулап тұр. Себебі 3 жыл ішінде білім ала жүріп, әдептілік пен ізгілікті бойға сіңірдік. Білікті ұстаздардан білім алып, жақсы дос таптық. Енді міне, диплом алып, маман атанып отырмыз, – деген бітіруші түлек Нұрсәуле Елемесова ақжарма тілегін жеткізді.
Сондай-ақ оқу жылында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, білім сайыстарында бақ сынаған студенттер мен ұстаздар Алғыс хатқа ие болды. Өз кезегінде арнайы келген қонақтар сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі. Кеш соңы бітірушілердің концерттік бағдарламасына жалғасты.
Н. Марат