Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 50 бүлдіршінге Рамазан тәттілері таратылды

50 бүлдіршінге Рамазан тәттілері таратылды

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар ауылдық "Оңғар ахун" мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті жұма күнім "Рауан" балабақшасының бүлдіршіндеріне "Оңғар ахун"мешіті 50 балаға "РАМАЗАН ТӘТТІСІ "таратылды." Рауан" балабақшасының ұжымы және тәрбиеші апайлар келіп, қатысты.Рамазан айында кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған мешіт имамы Әнуарбек Бесқайырұлына балабақша ұжымының атынан алғысын білдірді.
Балаларды қуантқаннан артық не бар бұл өмірде? Олардың жайнаған жүзін көріп, күміс күлкісін естіп, алаңсыз бақытты балалық шағын тамашалағаннан артық ғажап нәрсе болмас. Баланы қуанту – әлемге шуақ шашумен тең. Өйткені, балақайлар болашағымыздың баянды жолы, өміріміздің мәні, өміріміздің жалғасы.Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!
"Оңғар ахун мешітінің баспасөз қызметі.
13 наурыз 2026 ж. 115 0