Тұрғындарға қолайлы баға ұсынылды
Республикалық референдум қарсаңында Арал қаласында тұрғындарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты халықты қолжетімді бағамен азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету.Жәрмеңкеде ет өнімдері, сүт тағамдары, көкөніс, ұн және басқа да күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік түрлері ұсынылды. Тұрғындар бұл өнімдерді нарықтағы құнымен салыстырғанда 10–15 пайызға төмен бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Қала тұрғындары мұндай игі бастамаға ризашылықтарын білдіріп, жәрмеңкені ұйымдастырған азаматтарға алғыстарын жеткізді. Олар бұл шара халықтың әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталған тиімді қадам екенін атап өтті.
– Бүгінгі ұйымдастырылған жәрмеңке біз сияқты тұрғындар үшін өте тиімді болды. Азық-түлік өнімдері базар бағасынан арзандау сатылып, халыққа жақсы мүмкіндік жасалды. Осындай халыққа пайдалы шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілегіміз бар. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз, – деді қала тұрғыны Жазира Орынбасарқызы.
Осындай әлеуметтік жәрмеңкелер тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы өзара қолдау мен бірліктің де айқын көрінісіне айналуды.
«Толқын» ақпарат










