Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арзан ет қайда бар?

Арзан ет қайда бар?

Бүгінде нарықтағы бағаның күрт көтерілуіне байланысты аудандағы күнделікті халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мақсатында мониторингтік топ құрылған. Аталған топ қазіргі күні өз жұмысын тұрақты атқаруда. Соның арқасында аудандағы тұрмыста маңыздылыққа ие азық-түліктер бағасы реттелген.
Халық көп тұтынатын азық-түліктің бірі – ет өнімдері болып отыр. Осы орайда Арал қаласында Н.Маханова №1 көшесінде орналасқан ет өнімдерін сататын «Ет маркет» дүкені халыққа өз өнімдерін тиімді бағада ұсынып келеді. Бұл дүкенде аудан тұрғындарының тұтынуына қажетті ет өнімінен өндірілген 16 түрлі дайын өнім түрі бар. Атап айтар болсақ, жылқы еті, сиыр, түйе, қой және тауық еттерін табуға болады. Сондай-ақ сойылған төрт түлік малдан дайындалған қазы- қарта, өркеш, құйрық май, фарш, ішек-қарын, тағы басқа өнім түрлері де мол көлемде сатылымға қойылған. Жұма күндері дүкендегі аталған өнімдер төмен бағада сатылады. Жеке кәсіпкер А.Аюбаевтың айтуынша,  алдағы уақытта бұдан басқа да өнім түрлерін молайтуды ниет етіп отыр. Кәсіпкер осындай құбылмалы нарықтық заманда жергілікті өнімдердің бағасын өсірмей, халыққа қолайлы жағдай жасау керектігін де тілге тиек етті.
Бүгінде аталған дүкеннен дайын өнімдерді қажетінше тиімді бағаға алып жүрген тұрғындар да баршылық. Солардың бірі – қала тұрғыны Жазира Қорғанова.
– Ет жемесе тұра алмайтын қазақпыз ғой. Бірақ қазір қай жерде де қымбатшылық. Осы ет маркеттен қолжетімді тиімді бағада алып жүрмін. Бәрі таза, табиғи, балғын өнімдер. Тіпті дайын манты, тұшпара, әсіп, консервіленген сиыр еті сынды өнімдерді де табуға болады, – дейді ол.
Осылайша халыққа тиімді бағада өнім ұсынып отырған кәсіпкерге аудан тұрғындары ризашылығын, алғыстарын білдіруде.

(Өз тілшімізден)
31 қаңтар 2023 ж. 295 0