Қаратаудың қырмызы қызғалдағы жөнінде не білеміз?
Бұл табиғат берген сыйы дер едім. Мұндай қырмызы қызғалдақ қалың өскен жерді бірінші көруім. Ботаник не болмаса гүл өсіруші бағбан да емеспін. Сонда да болса қызығушылығым ұстап, қандай жерде өсетінін білгім келіп кітап аударғаным бар емес пе? Сөйтсем, Орта Азияның шөлді аймақтары мен таулы аудандары, далалары мен құмдауыт және тостақты шөлдерде тау етегіндегі шашылған тастар аралығындағы беткейлердің жоғары орта және төменгі бөліктердегі гипсты құмдауыт, сазды топырақты жерлерге өсетінін білдім. Міне, Қаратау бөктерінің дерлік осы санатқа толықтай сай келетіндіктен, ерте көктемде қырмызы қызғалдақтарға толып құлпырып кететіндігі содан екен.
Ботаник ғалымдардың жорамалы бойынша қызғалдақтың жаратылған алғашқы отаны Орта Азия деп саналады. Осы жерден саяхатшылар арқылы Оңтүстік Еуропаға және Жерорта теңізінің африкалық жағалауына тарағаны дәлелденген.
Енді осы қырмызы қызғалдақтың Голландияға жетуі де өз алдына қызық әңгіме. Веналық бағбан Коузиус 1593 Лейден қаласындағы университеттің әйгілі ботанигі бағына қызметке шақыруынан басталады. Өзі білгір ботаник әрі бағбан Венадан жолға шыққанда ұқыпты етіп ерекше гүлдің дәнегін өзімен бірге ала келеді. Және де университет бағына ерте көктемде себуді ұмытпайды. Соның нәтижесінде жыл сайын жап-жасыл болып жататын бақ. Сол жылы қып-қызыл гүлдерге толып кетеді. Көз жауын алатын қызғалдақтарға таңырқай қараған жергілікті жұрт ізігілік нұрын сепкен әдемі көріністен шаттық көргендей сүйсінеді.
Міне, содан ХVІІ ғасырдың басында бүкіл Голландияда қызғалдақ егу ісі сәнге айналып жүре берді. Кімнің бақуат екені бағындағы қызғалдақ түрлерінен есептелінді. Әсіресе, бұл екпін 1634-1637 жылдары өзінің шырқау биігіне жетті. Жаңа түрлерінің бағалы бұрынғыдан да шарықтай түсті. Сол кезеңдерде бұл гүлге деген ықыластығы ерекшелігін оның дәнегіне деген ерекше қызығушылықты өздері тұратын үйлерге айрбастауға барды. Сол үшін де артық артық өнерлерін тапсырды, қоймадағы астығын беріп жіберді.
Қызғалдақтың Семпер Аугуста сортының бір түйірі 3500 гульденге (елдің валютасы) сатылды. Тек 12 түрінің ғана сатылуы елдің ықыласын ерекше аударып, қолдары жетпегендері сандарын соғып кәдімгідей өкініштерін білдірді. Гүлдің бағасы өскені соншалық, басқа бір түріне жалбарынышпен 4500 гульден ұсынып тұрып, айтқан бағасына көнбеген сәтте, бағбанға аты мен арбасын қоса сыйлап жібергендер болған.
Ол-ол ма, сонау бір жылдарға баспазді оқып отырсам, елдің қызғалдаққа деген дүмпудің, өзіндік ескеткішіндей болып үйге ілінген тақта бүгінге дейін Амстердам мұражайында сақтауды екеніне көзім жетті. Бұл тақтайда қаланың бір көшесіндегі екі тас үйдің 1634 жылы қызғалдақтың үш тал жуашығына сатып алынғаны туралы мәтін де бар.
Кейіннен Голландия үкіметі ел арасындағы саудагерлікті тоқтату мақсатында қызғалдақ дәнегіне (тұқымына) тұрақты баға белгілеген арнайы жарлық шығарған.
Әне, жұрт айтып жүргендей бағзы заманда қазақ даласын аралаған саяхатшылар қызғалдақ гүлінің дәнегін ала кеткенінің әсерінен Нидерланд елінің ұлттық экономикасының шарықтап өсуіне игі әсер еткен деген топшалауға негіз бар. Өйткені Қазақстан Республикасының Президенті кезінде Н. Назарбаевтың 2002 жылы Нидерланд королдігіне жасаған ресми сапарында Нидерланд ханшайымы Беатрикс ханым Елбасымызға қызғалдақ жайында ағынан жарыла әңгімеледі: "Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, сондай-ақ Қазақстанды Нидерландпен байланыстырып тұрды. Осы байланыста біздің елімізге қызғалдақ гүлін әкелді. Қазақстанның даласы мен тауларында жайқалып өсетін гүл осылайша Нидерландқа жол тартты. Сонда да ең тиімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі нидерландықтарға барынша танылған экспорттық тауар ретінде бағаланады. Ол біздің ұлттық символымыз іспетті. Қызғалдақ – ең үлкен сыйлық. Сол үшін сіздің елге қарыздармыз. Қызғалдақ екі мемлекеттің арасындағы қатынастарды гүлдендіретін дәнекер ретінде жайнап өсе берсін" деген-ді.
Аманкелді ӨТКЕЛБАЕВ,
ардагер-журналист









