Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Antalya Open Cup додасында 20 алтын медаль иеленді

Қазақстан Antalya Open Cup додасында 20 алтын медаль иеленді

Қазақстан құрамасы Түркияда өткен муайтайдан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Қазақстандық тайбоксшылар Түркиядағы халықаралық турнирде 38 медаль жеңіп алды

Түркияның Кемер қаласында муайтайдан XIIII Antalya Open Cup халықаралық турнирі аяқталды. Жарысқа әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының да спортшылары бар.
Аталған турнирде отандық спортшылар 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия құрамасы иеленсе (26-50-73), үшінші орынды Мажарстан (9-4-0) құрамасы қанағат тұтты, - деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Antalya Open Cup – муайтайдан әлемдегі беделді халықаралық жарыстардың бірі.
Қазақстан құрамасының нәтижесі ел тайбоксшыларының әлемдік аренада бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте көрсетті.

baq.kz
Фото: Туризм және спорт министрлігі 
31 наурыз 2026 ж. 43 0