Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақылау мақсатында сатып алу термині туралы не білесіз?

Бақылау мақсатында сатып алу термині туралы не білесіз?

Халықтықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы

Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу – мемлекеттік бақылау шеңберінде өнімді тауар түріндегі сатып алу. Бақылау мақсатында сатып алу нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактісін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Бақылау сатып алу дегеніміз не? Бақылау сатып алу – бұл сауда объектілерінен өнімді (тауарды) сатып алу және оның зертханалық зерттеулерін жүргізу. Бақылау сатып алу жеке және заңды тұлғалардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және заңды мүдделеріне қауіп төндірудің немесе зиян келтірудің жолын кесу және алдын алу және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау үшін жүзеге асырылады.
Бақылау сатып алу барысында қандай өнім сатып алынады? Азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері (ет, сүт, балық, май, алкоголь және алкогольсіз өнімдер, кондитерлік өнімдер, балалар тағамы және т. б.), сондай-ақ тауарлардың өнеркәсіптік тобының кейбір түрлері (ойыншықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер, жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық химия, парфюмерлік-косметикалық өнімдер, жеке гигиена құралдары және басқалары).
Арал ауданы бойынша 2026 жылғы І тоқсанында бақылау сатып алу нәтижелері қандай? Халықтың денсаулығына қауіп-қатерді бағалауды ескере отырып, сатып алумен 60 тауар позициясы қамтылды, оның ішінде сүт өнімдері, ет және балық өнімдері, құс еті, кондитерлік өнімдер, балалар тағамы өнімдері, алкогольсіз сусындар, жеміс-көкөніс өнімдері, ойыншықтар, балаларға арналған тауарлар, парфюмерлік-косметикалық өнімдер, жеңіл өнеркәсіп өнімдері және т. б.
2026 жылғы қаңтар-ақпан-наурыз кезеңінде 60 өнім үлгілері сатып алынды, оның ішінде зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша үлгілердің 5% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне алып қою түрінде жедел ден қою шарасын қолдану туралы 2 қаулы берілді. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерімен 3 өнім, оның ішінде тамақ өнімдері - 640 гр., азық – түлік емес тауарлар -4 өнім. іске асыруға жол берілмеді.
Өнімді бақылау мақсатында сатып алу сауда базарларында, ішкі сауда объектілерінде, оның ішінде дәрілік заттарды (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда) көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілерінде жүзеге асырылады, техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына және (немесе) біріңғай Еуразиялық экономикалық одақтың санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) анықтау кезінде шаралар қабылдау және сынақты сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулыны алған кезде сәйкес келмейтін өнімді дереу алып қоюға және (немесе) өткізуден кері қайтарып алуға міндетті.
Бақылау сатып алу қайда жүргізіледі? Өнімді бақылау сатып алу сауда базарларында, Ішкі сауда объектілерінде, оның ішінде дәрілік заттарды көтерме және бөлшек сату объектілерінде жүргізіледі.
Бақылау сатып алуды кім жүргізеді? Өнімді (тауарды) бақылау сатып алуды санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары жүргізеді.
Сатып алынған өнімді не істейді? Жиынтықталған, буып-түйілген, пломбаланған түрдегі сатып алынған өнім тасымалдау шарттары міндетті түрде сақталған күйінде зертханалық зерттеулер жүргізу үшін зертханаға жеткізіледі.
Сәйкес келмейтін өнімді анықтауда қандай шаралар қолданылады? Егер сатып алынған өнім техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмесе, онда мұндай өнімге қатысты өнімді алу және (немесе) кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады. Сатып алуды жүргізген лауазымды адам сатудан алып қою және (немесе) кері қайтарып алу түрінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдейді және кәсіпкерлік субъектісіне тапсырады.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 

Фото: www.standard.kz
08 сәуір 2026 ж. 81 0