Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жоғары болғаны жөн

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жоғары болғаны жөн

Қазіргі уақытта тағамның қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, тағам өнімдерінің сапасына, биологиялық қоспаларына мониторнинг жүргізу арқылы сақтау мерзімі мен өнімді  іске асыру жайына көп көңіл бөлінеді. 
Адам өмірінде маңызды болып табылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жоғары және басты назарда болмақ.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен өнімдердің қауіпсіздігін бақылау мақсатында 2025 жылы  І-ші тоқсанында Кеден Одағының 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімі, оның ішінде таңбалануы туралы» Техникалық регламентіне, Кеден Одағының 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 024/2011 «Май өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кенден Одағының 023/2011«Көкөністер, жеміс-жидектерден өндірілетін шырындардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден одағы Коммиссиясының 28 мамыр 2010 жылғы №299 шешімімен бекітілген 2013жылдың 15 қаңтардағы «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірегей санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға» сәйкестігін бағалау мақсатында сынамаларды санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу үшін сауда нысандарынан  32 сынама сатып алынып, зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бақылау мақсатында сараптама жүргізуге сатып алынған өнімдердің  81,1%(26) тағам өнімдері(балық  өнімі-1,май өнімі-4,   , ұн және ұн өімі-4,кондитер өнімі-4,балалар тағамы-1, өзге тағамдар шәй-2,, алькоголсыз  сусын-9,миниралды су-1,)  және 18,7% (6) тамақ емес өнімдері( жеке бас тазалығын сақтауға арналған өнімдер-6) құрады. Оның ішінде  отандық өнімдер - 31,2% (10),Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер- 50% (16) және өзге елдерде өндірілгендері- 18,7% (6)"Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 3 үлгісі, яғни 9,3 пайызы техникалық регламенттердің таңбалауы бойынша (кондитер өнімі мен  балық өнімінде мемлекеттік тілде мәліметтер көрсетілмеген,  өзге тағам шәйдің құрамында микробиологиялық зерттеу бойынша зеңнің мөлшері  қалыптан жоғары болды ) талаптарына сай келмей шықты. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген 3 сынаманың 3.1% (1) отандық, 3.1% (1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және 3.1% (1) өзге елдерде өндірілген  өнімдерін құрады. Сәйкессіздік анықталған 3 сынаманың 3-де тамақ өнімдері.  Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша сауда нысанының жеке кәсіпкеріне  өнімді кері қайтарып алу түрінде жедел ден қою шараларын (МОР) қолдану туралы қаулы беріліп, орындалуы бойынша  жоспардан тыс тексеріліп,  кемшіліктер анықталмады.
 Сатып алу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.
А.Сатекеева,
Басқарма басшысы

Фото: Нұрболат Нұржаубай
24 сәуір 2025 ж. 36 0