Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнімдер қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу туралы

Өнімдер қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу туралы

Өнімнің қауіпсіздігі дегеніміз - адамдардың денсаулығына, өмірі мен мүліктік қауіпсіздігіне, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне және табиғи ортаға зиян тигізбейтін жолмен нарықта шығарылатын өнімдерді жобалау және шығару.
Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде жоспар-кестеге сәйкес субъектіден сатып алынатын сынамалар төмендегідей нормативтік құжаттарға сәйкестігіне зерттеліп тексеріледі: Кеден Одағының 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімі, оның ішінде таңбалануы туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 024/2011 «Май өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 023/2011 «Көкөністер, жеміс-жидектерден өндірілетін шырындардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 015/2011 «Дәнді-дақылдардың қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентіне,Кеден Одағының 040/2016 «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 008/2011 «Балалар ойыншығының қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдер қауіпсіздігі жөнінде» техникалық регламентіне, Кеден Одағының 029/2011 «Тағамдық қоспалардың қауіпсіздігі» техникалық регламенетіне, Кеден одағы Коммиссиясының 28 мамыр 2010 жылғы №299 шешімімен бекітілген 2013 жылдың 15 қаңтардағы «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірегей санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға», Кеден одағы Коммиссиясының 28 мамыр 2010 жылғы №299 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы №217 "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы қаулылары.
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы халықты қауіпсіз және сапалы тағаммен қамтамасыз ету мақсатында, өнімдердің қауіпсіздігіне үнемі сауда орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Тамақ өнімдерінің барлық түрлерінің қауіпсіздігі бақылауға алынады. Нәтижесінде басым көпшілгі таңбалау қағидаларын бұзады, нақтырақ айтқанда, өндіруші туралы ақпарат, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау уақыты және т.б. деректері толық болмайды.
Сауда нысандары жеткізушілерден тез бұзылатын өнімдердің дайындау күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген, құжатсыз өнімдерді қабылдап, оларды одан әрі сатуды жалғастыру тыйылар емес. Мұның бәрі жұқпалы аурулар тарап, тамақтан улануға әкеліп соқтыратыны белгілі.
Санитарлық ережелер талаптарына сәйкес сауда нысандарында белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін өткізуге, өнімдердің қауіпсіздігі мен сәйкестіктін растайтын бағалау құжаттарынсыз сатылуына, өнімнің таңбалануындағы ақпаратқа тексеру нәтижесі бойынша сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге жол берілмейді.
Саудада тамақ өнімдерін қабылдау, сақтау және сату кезіндегі негізгі санитариялық ережелер:
•өнімнің сыртқы пішіні, бүтіндігі мен орамына қарау қажет.
•Қаптамасындағы таңбалауға аса назар аудару қажет. Таңбалануда өнімнің атауы. дайындалған күні мен жарамдылық, мерзімі, өнімнің шыққан елі, дайындаушының атауы шықан және орналасқан жері, тауар белгісі (сауда маркасы), таза салмағы ,құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, өнімді сақтау шарттары, ГТА (генетикалық түрлендірілген ағзалар) туралы мәлімет, ЕАС (Евразиялық сәйкестік) белгісі міндетті түрде көрсетіліп, таңбалауы мемлекеттік және орыс тілдерінде тұтынушыға түсінікті болуы тиіс.
•тез бұзылатын өнімдер үшін температура мен сақтау мерзімдерін сақтау, сапа және қауіпсіздік құжаттарынан басқа, өнімді өндіру күні мен уақыты, температуралық режимі және сатудың соңғы мерзімі көрсетілген жүкқұжаттардың болуы;
•дайын, шикі өнімдер мен жартылай фабрикаттардың тауарлық көршілестігін сақтау;
•өнімді жіберу кезінде санитариялық ережелерді сақтау, әртүрлі өнімдер үшін сауда және бөлу құралдарының жеткіліктілігі;
•сатушының жеке гигиена ережелерін сақтауы.
Сауда объектісінің қызметкерлері осы ережелерді сақтаған кезде сатылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы олардың санитариялық сауаттылығы мен мәдениетінің деңгейіне байланысты болады.
Болашақта, үйде азық-түлік айналымы кезінде бәрі санитариялық сауаттылық деңгейіне және отбасының тамақтануына жауапты үй иелерінің мәдениетіне байланысты!
Өндіруші мәлімдеген сапаны, қауіпсіздікті куәландыратын құжаттар болған кезде кепілді сападағы өнімдерді таңдауды ұсынамыз!

Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасы басшысының м.а. А. Балшамбаева

Сурет: tolqyn.kz
16 тамыз 2024 ж. 171 0