Кәсіпкерлікке кең қолдау – экономиканың жаңа серпіні
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті ел экономикасының басты қозғаушы күші ретінде атап өтеді. Оның пікірінше, кәсіпкерлер тек пайда табумен шектелмей, жаңа жұмыс орындарын ашып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты үлес қосуы тиіс. Ал мемлекет өз кезегінде бизнеске қолайлы жағдай жасап, жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Бұл ретте Арал ауданы бүгінде кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Соңғы жылдары аудан тұрғындарының кәсіпке деген қызығушылығы артып, шағын және орта бизнес экономиканың негізгі тірегіне айналып отыр. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаулар мен тиімді бағдарламалардың нәтижесінде кәсіпкерлер саны артып, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түсуде.
Ауданда кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы 976 кәсіпкерге 1596 қызмет көрсетілген.Оның ішінде,643 кәсіпкерге кеңес берілсе, 953 кәсіпкер нақты қызмет түрлерін алған.
Көрсетілген қызметтердің басым бөлігі кәсіп жүргізудің негізгі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, техникалық шарттарды алу, жер мәселелерін шешу, салық және мемлекеттік кірістер бойынша қызметтер, сондай-ақ бизнес-жоспар әзірлеу бағыттары кеңінен қамтылған.
Бұл көрсеткіштер аудан кәсіпкерлерінің мемлекеттік қолдау құралдарына белсенді түрде жүгінетінін және бизнесті заңды әрі жүйелі жүргізуге ұмтылысын аңғартады.
Арал ауданында кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі – қаржылай қолдау. Өткен жылы түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен қаржы институттары арқылы жалпы 3,3 млрд теңгеден астам қаржыға 269 жоба несиелендірілді. Аталған қолдау шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы ауыл шаруашылығы жобалары, Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несиелер, Өңірлік инвестициялық орталық арқылы шағын бизнес бастамалары, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындарының кәсіптеріжүзеге асырылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беріліп, жаңа бастамаларға жол ашылды.Бұл қолдаулар кәсіпкерлердің тек ісін бастап қана қоймай, оны кеңейтуіне де мүмкіндік беріп отыр.
Кәсіп бастауға ниетті азаматтарға мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар да берілуде. Мәселен, 2025 жылы аудан бойынша 146 азамат 229,6 млн теңге көлемінде грант иеленген.Бұл – әсіресе жастар мен әлеуметтік осал топтар үшін үлкен мүмкіндік. Осындай қолдаулардың нәтижесінде жаңа бизнес субъектілері ашылып, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейі артып келеді.
Сарапшылардың айтуынша, кәсіпкерлік – өңір экономикасының негізгі қозғаушы күші. Арал ауданында да бұл сала жыл сайын дамып, жаңа белестерді бағындыруда.Мәселен, соңғы жылдары аудан бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны бірнеше есеге өсіп, мыңдаған адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуы нәтижесінде кәсіпкерлер тек сауда саласында ғана емес, өндіріс, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы бағыттарында да белсенділік танытып отыр.
Арал ауданында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекет тарапынан ұсынылатын бағдарламалар, жеңілдетілген несиелер мен гранттар, кеңес беру қызметтері – барлығы кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес-орта қалыптастыруға бағытталған.
Осындай кешенді қолдаудың арқасында аудан тұрғындары кәсіпкерлікке батыл қадам жасап, өз ісін ашуға мүмкіндік алуда.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында өз ісін ілгерілеткен жанның бірі – Айнұр Майханова. Кәсіпкер «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының» қолдауымен тігін шеберханасын кеңейтті. Айнұр Майханова бұған дейін үйдегі өзінің шағын шеберханасында түрлі тапсылыстар алып киім тікті. Мерекелік костюмдер, көйлек, салтанатты жиынға арлаған кейімдерген тапсырыс көп келетін көрінеді. Тапсырыс берушінің талғамына сай келетін кез-келген киімді әп-сәтте әдемі етіп дайындап беретін шеберге үйдегі бір бөлме тарлық ететін.
– 1992 жылы «Ажар» тігін фабрикасында көменкті тігінші болып жұмыс істедім. Ол кезде фабрикадағы тігіншілердің әрқайссың өз жұмысы болды. Сонымен ғана айналысады. Мысалы, біреу пальто тігеді, біреу көйлек тігеді дегендей. Мен солардың ішінде бәрін істей беретін тігінші болдым. Кім жұмысқа шықпай қалса соның орнына еңбек етіп жүріп тігіншіліктің қыр-сырын меңгеріп алдым. Кейін фабрика жабылды. Тоқырау басталды. Үйден балаларыма киім тігіп беріп жүрдім. Заман өзгерген сайын сән де жаңарды. Ылғи ізденісте жүрдім. Өзім қаладағы №14 мектеп –лицейдің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімімін. Өткен жылы мемлекеттік қолдаудың арқасында көптен бергі арманым орындалып, шеберханамды кеңіттім. Жаңа үлгідегі тігін машиналарын, іс тігіуді оңайлататын замануи құрал-жабықтарды сатып алдым. Бұл маған үлкен қолдау болды, – деген тігінші Айнұр.
Тігіншіліктен бөлек мұғалімдік қызмет атқарып әйелдер арасындағы гір тасын көтеруден екі мәрте Азия чемпионы, Әлем чемпианатының қола жүлдегері атанған Айнұр Майханова үшін өзінің шеберханасын кеңейтуі алға қойған мақсатының бірі еді. Бүгінде ол өз тапсырыстарын кең әрі жарық, ыңғайлы жерде қабылдап, заманауи құрал-жабдықтарынан арқасында тез аяқтап жүргендігін қуанышпен жеткізді.
Арал ауданында кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Көрсетіліп жатқан қолдаулар нақты нәтижесін беріп, жаңа жобалардың жүзеге асуына, жұмыс орындарының ашылуына және аудан экономикасының нығаюына ықпал етуде.Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, кәсіпкерлік Арал өңірінің тұрақты дамуының басты тірегіне айналмақ.
Назерке МАРАТҚЫЗЫ
Фото: syrboyi.kz









