Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кедергісіз орта – әр азаматқа тең мүмкіндік

Кедергісіз орта – әр азаматқа тең мүмкіндік

Бүгін “AMANAT” партиясының “Кедергісіз келешек” жобасы аясында Арал ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандарға кезекті мониторинг жүргізілді. Негізгі мақсат – инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру және мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау.Мониторинг жұмыстарына Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілі Махамбетжан Ержан Нұрлыбекұлы мен партия филиалының консультанты Сабырбай Ержан Әділжанұлы қатысып, бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жағдайымен танысты.
Тексеру барысында нысандардағы пандустардың болуы, олардың сапасы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі назарға алынды. Кейбір орындарда талаптардың толық сақталмағаны анықталып, пандустардың стандартқа сай келмейтіні белгілі болды.
Осыған байланысты нысан иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру – әрбір кәсіп иесінің әлеуметтік жауапкершілігі екені ескертілді.
#АМАНАТ
15 сәуір 2026 ж. 72 0