Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРГЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ: AMANAT AI SKILLS КУРСЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ БАСТАЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРГЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ: AMANAT AI SKILLS КУРСЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ БАСТАЛДЫ

Қазіргі таңда әлемде цифрлық технологиялар қарқынды дамып, жасанды интеллект қоғам өмірінің барлық саласына терең еніп келеді. Осындай жаһандық өзгерістер жағдайында жастардың заманауи білім мен жаңа дағдыларды меңгеруі – уақыт талабы. Осы бағытта Арал ауданында жүзеге асып жатқан AMANAT AI SKILLS курсы жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама ретінде өз жұмысын жалғастыруда.

Аталған жоба “AMANAT” партиясы мен Арал аудандық Жастар ресурстық орталығының бірлесуі арқылы, “Aral AI Hub” жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Курстың алғашқы күні 35 жас қатысып, цифрлық білім мен жаңа технологиялар бойынша алғашқы тәжірибелерін бастаған болатын. Ал бүгін курстың екінші күні, бағдарлама өз жалғасын тауып, 30 жас маман арнайы оқытудан өтуде.
Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жобаның маңыздылығын айқын көрсетіп отыр.
Оқу процесін “ARAL AI HUB” жобасының жетекшісі Маратов Айдос Маратұлы жүргізіп, курс барысы мен негізгі бағыттары бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Ол жасанды интеллект технологияларының күнделікті өмір мен кәсіби саладағы рөлін атап өтіп, цифрлық құралдарды тиімді қолдану – бүгінгі заманның басты талабы екенін жеткізді.
Курс бағдарламасы тек теориямен шектелмей, толықтай тәжірибелік бағытта ұйымдастырылған. Қатысушылар заманауи цифрлық құралдарды пайдалану, медиа және дизайн негіздері, видео өңдеу және контент жасау бағыттарында білім алуда. Сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы жаңа идеяларды жүзеге асыру жолдары үйретілуде.
#АМАНАТ 
15 сәуір 2026 ж. 290 0