Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін әлсіретіп, халықтың билікке деген сенімін төмендетеді. Жемқорлық тек экономикалық шығындарға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік теңсіздік пен моральдық құндылықтардың құлдырауына алып келеді.Сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі – билік пен қызметтік өкілеттіктерді жеке пайда үшін пайдалану. Мұндай әрекеттер пара алу, қызмет бабын асыра пайдалану, туыстық немесе таныстық арқылы жұмысқа орналастыру сияқты көріністер арқылы жүзеге асады.
Бұл жағдайлар қоғамда әділетсіздік туғызып, адал еңбектің бағаланбауына әкеледі.
Сыбайлас жемқорлық жасаған адам жазасыз қалмайтыны белгілі. Сондықтан оны жасаған адам, өз болашағына балта шапқанмен тең. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір азамат пен мемлекеттің ортақ міндеті.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолдарының бірі – заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекет тарапынан заңдарды күшейту, ашықтықты арттыру, цифрландыруды дамыту маңызды.
Барлық азаматтар заң алдында тең болуы тиіс, ал заң бұзған тұлғалар міндетті түрде жауапқа тартылуы қажет. Бұл қоғамда әділдік орнатып, жемқорлық әрекеттерінің азаюына ықпал етеді.
Сонымен қатар, қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру қажет. Әрбір адам өзінен бастап, пара бермеу және заңды сақтау арқылы бұл індетпен күреске үлес қоса алады.
18 қараша 2015 жылы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Аталмыш Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу; қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өз құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлауы тиіс.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, бүкіл қоғамның қатысуын талап етеді. Әрбір азамат адалдықты басты қағида ретінде ұстанса, біз жемқорлықсыз, әділ әрі дамыған қоғам құра аламыз.
Арал аудандық сотының
аға сот приставы Қ.Баймағанбетов










