Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағида бойынша реттеледі. Бұл санитариялық қағида меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінде объект салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тұру, тамақтану, оқыту жағдайларына және өндірістік практикаға, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және қызмет көрсету жағдайларына, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. Осы санитариялық қағидалар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерін (бұдан әрі – мектепке дейінгі ұйымдар) қоспағанда, білім беру ұйымдарының объектілеріне, оның ішінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту, тәрбиелеу, тұру және тамақтану орнын ұйымдастыру объектілеріне, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдарына қолданылады.
Жалпы білім беру ұйымдарының және білім алушылар мен тәрбиеленушілердың тұратын орындарын ұйымдастыратын объектілердің аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес барлық периметрі бойынша қоршау болуы тиіс.
Қоршау зақымдалмаған болуы тиіс. Объектілердің аумағында білім беру процесімен функционалдық байланысы жоқ ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайлар орналастыруға жол берілмейді. Көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын мектептен тыс объектілерде жеке жер учаскесі болмауына жол беріледі. Объектінің учаскесіне кіру жолдары, көлiкпен өту жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинағыштарға арналған алаңдарға, САҚ-қа апаратын жолдар асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы үй-жайлардың (сыныптар, оқу кабинеттері) ауданы оқытудың аралас нысандарында (фронтальды және топтық) бір білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр (бұдан әрі – м2) нормасы белгіленеді.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің саны объектінің жобалық сыйымдылығынан аспауы тиіс. Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылардың саны жалпы санға енгізілмейді. Әрбір ауысымда 1 білім алушыға шаққандағы аудан нормалары және осы Санитариялық қағидалардың талаптары сақталған жағдайда оқудың екі ауысымдық режимін ұйымдастыруға жол беріледі.
Авариялық ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол берілмейді. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беру ұйымдары жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие қызметін және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеген уақытта тамақтандыруды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Ойын және спорт алаңдарының жабдықтарын қоса алғанда, жиһаз бен жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойына және жасына сәйкес келеді. Спорт, ойын жабдығы жарамды күйде ұсталады.

Басқарма басшысының м.а А.Балшамбаева

Фото: Нұрболат Нұржаубай
21 сәуір 2026 ж. 61 0