Аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы
Мемлекеттің басым міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдер үшін білім беру объектілерінде тәрбиелеудің, оқытудың, демалудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. Ауданымызда 2026 жылы жалпы білім беретін мектептер саны - 48, 1 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат бар, барлығы- 49 мектеп, оның ішінде қаладағы мектеп саны - 11, елді- мекендегісі - 38. Оның ішінде бір ауысымда -19 мектеп, 2 ауысымда- 30 мектеп оқиды, 3 ауысымда оқитын мектеп жоқ.Аудан көлеміндегіжалпы білім беретін 48 мектептің барлығында ыстық тамақ беріледі. Елбасы өзінің жолдауында оқушылардың сапалы білім алуы үшін мектептердің санитариялық-техникалық жағдайын жақсарту керектігін, оның ішінде, ең бірінші кезекте апаттық жағдайда тұрған мектептерді қалпына келтіруді тапсырған болатын.
Қазіргі таңда аудан көлемінде апаттық жағдайда тұрған мектеп жоқ, Сапақ елді-мекеніндегі мектеп заманауи талапқа сай ғимарат салуды қажет етеді, 3 мектеп жанындағы интернат: Сексеуіл кентіндегі №87, Қамыстыбас елді-мекеніндегі №21, Аманөткел елді-мекеніндегі №73 орта мектептер жанындағы интернаттар күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етуде.
Арал ауданы, Тоқабай елді-мекеніндегі қыркүйек айында пайдалануға берілген №248 орта мектеп, мектеп жанындағы медициналық пункт, мектеп жанындағы асхана және Жалаңаш елді-мекенінде қаңтар айында пайдалануға берілген №58 орта мектеп, осы мектеп жанындағы асхана мен медициналық пунктзаң талаптарын сақтамай, талаптарға сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алмай жұмыс жасауда. Қазіргі таңда аудан бойынша осы 6 нысан талаптарға сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасауда.
Арал қаласы мен Сексеуіл кентінде орналасқан кейбір мектептердегі тығыздылық мәселесін жою мақсатында жаңадан салынған келешек мектептер қатарындағы Арал қаласында орналасқан 300 орындық №292 жайлы мектепке және Сексеуіл кентінде орналасқан 300 орындық №294 жайлы мектепкежәне осы аталған мектептер жанындағы медициналық пункттер мен асханаларға Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан талаптарға сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары берілді.
Аудан көлеміндегі мектептердің орталықтандырылған су жүйесімен қамтылғаны- 46 мектеп, 3 мектеп (№59 Қарақұм, №230 Жіңішкеқұм, №60 Сазды,) құдық суымен қамтамасыз етілген, 1-уі тасымалды сумен (№77 Құланды орта мектебі) қамтамасыз етілген.
Аудан көлеміндегі білім беру объектілерінің барлығы ішкі санитарлық тораптармен қамтамасыз етілген.
Аудандағы №21 Қамбаш, №72 Райым, №263 Шөміш елді мекендерінің мектептерінде шеберханаға жәй бөлмелері қаралғанымен, арнайы жабдықтармен жабдықталмаған.№72 орта мектептеспорт зал және қыз балалар мен ер балаларға арналған шеберханалар қаралмаған.
Аудан көлемінде бала саны бойынша тығыздылықпен №13, №21 орта мектептер жұмыс жасап жатыр, яғни оқу кабинеттерінде санитариялық қағида талаптары бойынша әр балаға 2,5 ш.м болу шарты сақталмауда.
Ауданда лас су тазалау үшін №281 мектепте ассенизациялық автокөлік қаралған, қалған мектептер мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізіп, жеке кәсіпкерлермен келісім шартқа отырған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы бойынша тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан көлеміндегі 49 мектептің ішінде36 мектеп ҚР ДСМ ҚДСК ҰСО Қызылорда облыстық филиалы Арал аудандық бөлімшесімен өндірістік бақылауға келісім-шартқа отырған, қалған 13 мектеп отырмаған.
А.Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысы









