Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ғалым Байманов» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

«Ғалым Байманов» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Kyzylorda-news.kz Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Әлемді ғылым құтқарады -IV» ғылым айлығы аясында, Құмкөл кенішін игерудің 40 жылдығына арналған «Ғалым Байманов» кітабының тұсаукесер рәсіміне қатысты.
Тағылымды іс-шара Ұлттық кітап күні аясында өткізіліп, кітап оқудың маңызын насихаттауға және ғылыми еңбектерді дәріптеуге бағытталды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының «Кітап-AMANAT» партиялық жобасымен үндестік тапты.
Ғалым Байманов кітабының тұсаукесері 2.jpg
Іс-шараға арнайы қатысқан партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай саналы ғұмырында өндіріс пен ғылымды ұштастырып, ел мүддесіне қызмет еткен, білім мен ғылымның жанашыры ретінде кеңінен танылған Ғалым Дүйсенбайұлы жайында тілге тиек етіп, оған Қызылорда қаласының тарихы баяндалған құнды кітапты сыйға тартты.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, оқытушылар, студенттер мен кітапсүйер қауым қатысып, мазмұнды пікірлерімен бөлісті. Осындай тағылымды кездесулер арқылы ғылым мен кітапқа деген қызығушылық артып, ұлттық құндылықтарымыз жаңғыра беретіні сөзсіз. Аталған кітап оқырмандар үшін тың мәліметтерге толы ерекше дүние болмақ.
25 сәуір 2026 ж. 36 0