Алдағы демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді
"Қазгидромет" синоптиктері 30 сәуір және 1, 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.
"30 сәуірде елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, 2 мамырда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін", - деді метеорологтар.
30 сәуірде солтүстік және орталық облыстарда, ал шығыс облыстарда кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
kaz.tengrinews.kz










