Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДСМ вакцинация мен аутизмнің байланысы туралы түсіндірді

ДСМ вакцинация мен аутизмнің байланысы туралы түсіндірді

Сарапшылар екпе мен аутизм арасында байланыс жоқ екенін мәлімдеді.
Вакцинацияға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың біріне «Астана медицина университеті» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, халықаралық зерттеулер екпе мен аутизмнің дамуы арасында байланыс бар екенін дәлелдемеген.

Айтуынша, бұл жаңсақ пікір аутизмнің алғашқы белгілері көбіне 1,5–2 жас шамасында – ревакцинация кезеңімен тұспа-тұс келетін уақытта байқалуымен байланысты. Алайда бұл тек уақыт сәйкестігі ғана, себеп-салдарлық байланыс емес.

Сарапшы аутизм баланың дүниеге келмей тұрып қалыптасатынын, оның ми дамуының ерекшеліктері мен генетикалық факторларға байланысты екенін атап өтті. Вакцинация бұл үдерістерге әсер етпейді және балаларды қауіпті инфекциялардан қорғайды.

Денсаулық сақтау министрлігінде дәрігерлердің әлі де қызылша, көкжөтел және алдын алуға болатын басқа да аурулардың ауыр салдарымен жиі кездесетінін айтты. Кей жағдайда науқастар медициналық көмекке кеш жүгінеді.
Фото: baq.kz
03 мамыр 2026 ж. 44 0