Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аутизммен ауырған танымал тұлғалар

Аутизммен ауырған танымал тұлғалар

Аутизм дерті жайлы соңғы кездері тым жиі естіп жүргеніміз жасырын емес. Бірақ бұл кейінгі жылдары анықталды деу қателік. Қаншама уақыттан бері талайдың тағдырында жолыққан аутизмнің әлемге танымалдығы соншалық,«2 сәуір – дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні» болып қабылданған. Адамның мінез-құлқындағы, қарым-қатынасындағы және әлеуметтік өзара әрекеттесуіндегі ауытқулармен сипатталатын дамуының бұзылуы бір ғана белгімен анықталмайтындығы оның өзге ауру түрлерінен ерекшеленуіне себеп болып отыр. Әр түрлі формада көрініс табатындықтан аутизмнің басқа психикалық бұзылыстарда болуы мүмкін дейді ғалымдар.
Десе де көпшілігіне ортақ белгілері ретінде төмендегі әрекеттерді атауға болады. Кейбір балаларда аутизм белгілері нәресте кезінен-ақ анықталуы мүмкін. Бірақ көбінесе аутизм үш жасында көрінеді. Аутизм белгілері баланың даму деңгейіне және жасына байланысты әр түрлі болады. Әдетте мимика мен қимылдардың, сөйлеудің болмауы, бала ешқашан әңгімелесушіге күлмеуі, көзіне қарамауы, басқалармен сөйлесе алмауы, тіпті өздерінің проблемаларын жақын адамдарымен бөліспеуі де осы дерттің бір белгісі болуы мүмкін.
Бірақ тарихтан белгілі кең таралған ауру патологиясынан зардап шеккен танымал адамдар да бар. Кейбір көрнекті тұлғалар аутизмнің қандай да бір түрін бастан кешірген. Тіпті аты әлемге мәшһүр болған Билл Гейтс, Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн де аутизмнің құрығында болған. Кәсіби қызметте және жеке мүдделер саласында өздерін тамаша көрсеткендіктен оларды кейде аутист ғалымдар деп атайды. Олардың дарындылығы мен табысы шынымен аутизмге байланысты ма, жоқ па? Десе де төменде бүгінгі біздің айтпағымыз да аутизмге шалдыққан жаһанға танымал жандар турасында болмақ.
Әлбетте бірінші кезекте Альберт Эйнштейн еске түседі. Ол басқа адамдармен байланыс орнатуда қиындықтарға тап болған. Мектепте жақсы оқымаған, өз ойын жеткізуде қиналған. Тіпті мектеп қабылдамаған деген де деректер бар. Болашақ ғалым адамдармен араласуды ұнатпағандықтан, жұмыс таба алмады. Ол адамдардың өзіне байланысына шыдай алмаған.
Келесі кезекте аустриялық сазгер Вольфганг Амадей Моцарт. Ол, көптеген аутист адамдар сияқты, мимиканың болмауымен сипатталды. Қолдар мен аяқтардың стереотиптік қозғалыстары болған. Оның есту қабілеті сезімтал болғандықтан тым өткір және қатты дыбыстар ауырсынуды тудырды. Моцарттың көңіл-күйі жиі өзгеретініне қарамастан көрнекті композитор атанды.
Чарльз Дарвиннің де аутизммен ауырғаны туралы деректер бар. Ол бала кезінен жалғыз қалғанды ұнатады екен. Адамдармен араласқанды ұнатпай, жазуға әуестігі көп деректе айтылады. Жазу арқылы басқалармен байланысын үзді. Оның хоббиі әртүрлі заттарды жинау болды. Қозғалыстағы стереотиптер де Дарвинге тән. Бірақ ол ең ақылды адам ретінде эволюциялық доктринаны жасады, оны өмірінің соңына дейін ұстанды.
Танымал режиссер Стэнли Кубрик аутизм ауруынан зардап шекті. Ол Аспергер синдромымен ауырған. Түсірілім алаңында ұсақ-түйек нәрселерге әуестеніп, өзін дөрекі ұстайтын болған.
Көптеген адамдар шахмат спорты тарихындағы ең ұлы шахматшы деп есептейтін американдық шахмат гроссмейстері Бобби Фишер де өзінің аутист тұлғасының үлкен шоғырлануына сүйене отырып, өзінің ломбард ойынын жасады деп санайды. Ал Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Томас Джефферсон аутизммен ауырған. Ол әлеуметтік байланыстарға бейімделмеген, адамдармен әрең араласатын, аудитория алдында нашар сөйлейтін болған. Сондай-ақ ол қатты дыбыстардан шошынатын еді. Америка Құрама Штаттарының 16-шы президенті Авраам Линкольн де депрессия мен мазасыздық шабуылдарынан зардап шекті. Бұл белгілерді көптеген зерттеушілер аутизммен байланыстырды. Сонымен қатар Линкольн жүйке ауруымен ауырған. Леонардо да Винчи де, тіпті алпауыт командаларда доп тепкен танымал футболшылар да аутизммен ауырған деген мәліметтерді ақпарат беттерінен жолықтыра аламыз.
Дайындаған О.
ЖОЛДАСОВ
04 сәуір 2023 ж. 1 260 0