Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің» отырысы өтті. Онда облыс бойынша арнайы және мектеп-интернаттарында оқитын балалардың оқып, тұруына жасалған жағдайлар, аутизм және аутизм спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасау бағытындағы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Азиз Ізімбетов хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша өңірде 35 интернаттық мекемебар, онда 2474 бала тәрбиеленуде. Атап айтсақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 2 интернат, 3-і арнайы түзету мектеп-интернаты, 3 балалар оңалту орталықтары, 1 санаторный мектеп-интернат, 1 девианты мінез-құлықты балаларға арналған интернат, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, 4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат және 20 мектеп жанындағы интернаттар.
Олардың 8-і 2012-2015 жылдар аралығында пайлануға берілген. Соңғы 5 жылда демеушілердің есебінен 2 интернатқа, жергілікті бюджет есебінен соңғы 3 жылда 2 облыстық интернатқа күрделі жөндеу жұмыстары және 7 облыстық мекемеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2022-2024 жылы 6 облыстық интернаттық мекемеге және 20 мектеп жанындағы интернаттық мекемелерге материалдық-техникалық базасын жаңарту жоспарға енгізілген.
Алдағы уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы күзет қызметін ұйымдастыру; бейнебақылау камераларымен толық жабықтау, «Қазақтелеком» АҚ-ы арқылы бұлтты бейне бақылау камераларды орнату; турникет қою шаралары қолға алынбақ. Тәрбие жұмыстарына да ерекше мін беріліп, тәжірибелі мамандардан құрылған жұмысшы топ әдістемелік көмек көрсетуде,- дейді Азиз Ізімбетов.
«Асыл Мирас» Аутизм Орталығының басшысы Г.Күлетова Аутизм және аутизм спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасау барысы туралы кеңінен таныстырып өтті.
Жиын барысында «Ерекше балалар мінез-құлықты қолданбалы талдауға кіріспе: проблемалы мінез-құлықты түзету қағидалары мен аутизм спектріндегі бұзылыстар және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды үйрету стратегиялары» атты кітабы таныстырылып, даму ерекшеліктері түрлі балалармен жұмыс жасайтын қызметкерлерге, мемлекеттік мекемелерге және кітапханаға таратылды.
kyzylorda-news.kz