Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аутизм: ауру ма, қабілет па?

Аутизм: ауру ма, қабілет па?

Адам баласы өз тарихында көптеген жетістіктерге жетіп, әр сала бойынша зерттеулер жүргізіліп, осы зерттеулер нәтижесінде адамның болмысы мен әлем туралы түсініктері қалыптасып келеді. Қаншама зерттелген сала ішінде ең күрделісі – адам психологиясы болып табылады. Бұл сала бойынша ауру түрлері де, оның ашылмаған қырлары да жетерлік. Адамзат баласының ішкі жай-күйімен, қоршаған ортасымен, жүйке жүйесінің төзімділігімен, күйзеліс, депрессия әсерлеріне берілу деңгейімен байланысты болып, ғылым тұрғысынан да, әлеуметтік тұрғыдан да жеткілікті түсіндірілмей, мәселе ретінде шешімін таппай тұрғандары қаншама. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған әлі де толық зерттелмеген психологиялық ауру түрі – аутизм.
Аутизм – баланың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналасындағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиындықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Мұндай ауруға шалдыққан балалар көбіне сырқы ортамен байланысқа түскен сәтте үлкен сезімталдық танытып жатады. Оның миына келіп түскен ақпаратты қабылдай алмайды. Өйткені мұндай кезде бала миының сенсорлы жүйелері дұрыс істемейді.
Жалпы атаулы бұл сөздің мағынасына келер болсақ, аутизм неміс тілінен енген болатын ол «өзім» деген мағынаны білдіреді екен. Яғни бұл ауруға шалдыққан балалар қоршаған ортадан алшақ болғанды қалайды және өзінің қиялымен құрастырған әлемде өмір сүреді. Олар айналасындағы өзгерістерден қорқып, бір жасаған іс-әрекетін қайталай беретін болады. Сонымен бірге олар қандай да бір затқа ден қойып қарамайды, зеректігі де өте төмен келеді. Дегенмен аутизм әр балада әртүрлі деңгейде өтеді. Мәселен, кей балдар мұндай сырқатына қарамастан қоршаған ортамен белсенді түрде араласып кетеді. Тіпті кейбірінің зейіні қарапайым адамдарға қарағанда жоғары деңгейде дамып, сауатты болады.
         Бүгінде аутизм туралы психология саласынының өзінде нақты ақпарат қалыптаспаған. Тіпті алғашқыда бұл ауруды шизофрения ауруының белгісі ретінде қарастырып, 1911 жылы швейцар психиатры Эйген Блейлер енгізген болатын. Алайда аутизм – бұл жалпы түсінік. Яғни ол біршама ауруларды білдіріп, меңзеуі мүмкін. Негізінен аутизмге шалдыққан балалар қоршаған ортамен араласып, сөйлеуден қашпайды. Бірақ олардың айналасындағылармен қарым-қатынасқа түспеуіне бірден-бір себеп олардың әлемді сенсорлық қабылдауы болып отыр. Мәселен, аутизмге шалдыққан балалардың бірі дәм мен иістерді сезгіш болса, енді бірі әлемді мүлде басқаша көреді. Сондай-ақ олардың кейбірінің сөйлеу қабілеттері бұзылмаған, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа жақсы түседі. Тіпті олардан әйгілі музыканттар, ғалымдар, математиктер шығуы мүмкін.
Иә, аутизммен ауыратын танымал тұлғалар да жетерлік. Мәселен, әйгілі физик-теоретик Альберт Эйнштейн басқа адамдармен байланыс орнатуда біршама қиындықтарға тап болған екен. Кейін ол адамдармен араласуды ұнатпаған соң, өзіне лайықты жұмыс та таба алмайды. Австриялық композитор Моцарт та аутизммен ауыратын танымал тұлғалардың бірі. Оның есту қабілеті сезімтал болғандықтан тым өткір және қатты дыбыстар оған ауырсынуды тудырды. Сонымен қатар оның көңіл-күйі жиі өзгеретін болған. Міне, ол өзінің ауруына қарамастан әлемге әйгілі көрнекті композитор атанды. Ағылшынның табиғат зерттеушісі Чарльз Дарвиннің де аутизммен ауырғандығы жөнінде деректер кездеседі. Ол бала кезінен жалғыз қалғанды ұнатып, адамдармен араласпай, жазуға әуес болған.
         Аутизмге шалдыққан адамдар айналасындағылардың өзіне аяушылықпен қарағанын қаламайды. Жалпы адами тұрғыдан қарайтын болсақ, мұндай адамдарға қолдау көрсетіп, ерекше жаратылысты адам ретінде қарағанымыз жөн. Міне, осылайша аутизммен ауыратын жандарды жақындары қолдап, сүйіспеншілік көрсетуі керек. Сонымен бірге бала бойындағы осындай кемшіліктерді байқаған жағдайда оны ата-аналар бірден логопед-дефектологтарға апарып қинамай, қажетті ем үшін психолог мамандарына жүгінгені дұрыс.

А.НҰРЛАНОВА
21 тамыз 2022 ж. 618 0